Тимур Қарағойшин жаңа қызметке тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16:18 07.08.2023
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», – деп жазылған құжатта.
Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1978 жылы бастаған.
1985-1991 жылдары – жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы.
1991-1994 жылдары – «Сәулет» Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры.
1994-1996 жылдары – БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.
1996-2001 жылдары – «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары.
2001-2002 жылдары – ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры.
2002-2005 жылдары – БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м. а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.
2005-2007 жылдары – Орал қаласы әкімінің орынбасары.
2007-2008 жылдары – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы.
2008 жылғы қазан-қараша аралығында – БҚО әкімінің кеңесшісі.
2009-2010 жылдары коммерциялық ұйымды басқарды.
2011 ж. қаңтар-шілде аралығында – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі.
2011-2013 жылдары – Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.
2013 жылғы сәуір-қараша аралығында – ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы.
2013-2016 жылдары – «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары, бас директорының м. а.
2016-2021 жылдары «Мемсараптама» ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған.
2023 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!