{metadescription}
Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар емін жалғастыруда

Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар емін жалғастыруда

Түркияның Алания аймағындағы жол апатынан зардап шеккен 4 қазақстандық турист жергілікті ауруханада емін жалғастырып жатыр.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке орай, Түркиядағы жол апатынан екі азаматымыз қаза тапты. Олардың мәйіттері өткен аптада Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі таңда 4 қазақстандық ауруханада ем алып жатыр. Барлық медициналық және репатриациялау шығындары сақтандыру компаниясының есебінен төленіп жатыр», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Ресми өкілдің айтуынша, бұл туристер демалуға барған кезде сақтандыру полистерін мұқият жасаған. Сондықтан апат туындағанда еш қиыншылық болған жоқ.

«Қалған төрт адам ауруханада, жанында туыстары бар. Солар көмектесіп, жақын арада тез сауығып, елге оралады деп күтеміз», - деді А. Смадияров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде