Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ернар Баспаев Президент кеңесшісі болды
Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: akorda.kz
09:03 02.09.2023
"Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.
2002-2006 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары;
2006-2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің басқарма бастығы, Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің жетекшісі;
2013-2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2022 жылғы 13 сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram