ҚазМұнайГаз акцияларының бағасы бұрын-соңды болмаған межеге көтерілді
ҚМГ акциялары жаңа тарихи шарықтау шегіне жетті, бір акция құны – 11 200 теңге, деп хабарлайды «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі.
Фото: kmg.kz
10:25 02.09.2023
IPO басталғалы ҚМГ акциялары 33,2% өсті.
Егер дивидендтерді де қоссақ (бір акцияға - 492 теңге), онда инвестициядан түскен жалпы өсім - 39% деген сөз.
Бұл ретте мұнай бағасы Brent маркалы мұнайдың барреліне 88 долларға дейін көтерілді.
Оның себебі - Сауд Арабиясының мұнай экспортына шектеуді ұзартуы және ресейлік мұнай экспортын тәулігіне 300 мың баррельге қосымша қысқартуы.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!