{metadescription}
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде