{metadescription}
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, алтауы ауруханаға жеткізілді.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 1 қыркүйекте болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 48-шақырымы тұсында Toyotа Camry мен Lada Priora автокөлігі соқтығысты. Жол апатының салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал, Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Lada Priora көлігінің бір жолаушысы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.