Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бүгін еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады - Қазгидромет
Қазгидромет ел аумағында 3 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
10:03 03.09.2023
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ түседі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.
«Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақаталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар», - деп жазды синоптиктер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram