{metadescription}
Ғимарат опырылып, 2 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды

Ғимарат опырылып, 2 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды

Үндістанның батысындағы Махараштра штатында жексенбі күні таңертең екі қабатты ғимарат опырылып, екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді.

Ғимарат Махараштра астанасы Мумбайдан солтүстік-шығысқа қарай 37 шақырым жерде Тананың Бхиванди ауданында құлады.

«Бүгін таңертең бұл жерде ғимарат құлап, салдарынан жеті адам үйінділер астында қалды. Құтқарушылар жұмысқа кірісіп, үйінді астынан әйел мен сәбидің мәйітін шығарды. Тағы бес адам құтқарылып, дереу ауруханаға жатқызылды», - деді ресми өкіл.

Құтқару операциясы бірнеше сағатқа созылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде