Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркияда қазақстандық журналист баласымен жол апатынан қаза тапты
Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуынан алдын ала мәлімет бойынша 3 адам қаза болды, олардың екеуі – қазақстандықтар, деп хабарлайды TRT Haber.
Фото: trthaber
14:03 04.09.2023
Апат салдарынан сафари көлігінде болған Қазақстан азаматшасы оқиға орнында көз жұмды. Ресейлік турист пен 2 жасар қазақстандық сәби ауруханада қайтыс болды.
Екі көлікте болған 20-ға жуық адам зардап шеккен. Олардың арасында Қазақстан, Түркия, Израиль және Ресей азаматтары бар.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің жазуынша, Антальяның елді мекенінде Арайлым Бағытжан мен оның сәбиі мерт болды. Күйеуі ауруханада жатыр.
"Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальяда ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиыен жағдайда ауруханада жатыр.
Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалып жатыр. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды Жасұлан Бисембиев.
Оның айтуынша, жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram