Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жеңіс Қасымбек қалалық жеңіл атлетика федерациясын басқарады
Бүгін Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті.
Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official
19:06 04.09.2023
Шығыс Қазақстан облысының әкімі - ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметовтың Instagram парақшасындағы мәліметтерге қарағанда, жиында Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды.
«Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды», - делінген хабарламада.
Басқосуға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысқаны айтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram