{metadescription}
«Хайкуй» тайфунынан 44 адам зардап шегіп, мыңдаған үй жарықсыз қалды

«Хайкуй» тайфунынан 44 адам зардап шегіп, мыңдаған үй жарықсыз қалды

Тайваньға соққан Хайкуй тайфуны салдарынан кем дегенде 44 адам зардап шегіп, он мыңдаған үй электр жарығынсыз қалды.

Тайваньның Орталық метеорологиялық бюросының хабарлауынша, тайфун жағалаудағы Дунхэ қаласына жергілікті уақыт бойынша 15:40 шамасында соқты. 11 қала мен округте кем дегенде 7 113 адам эвакуацияланып, 48 506 үй жарықсыз қалды.

Метеорологиялық бюроның мәліметінше, эпицентрдегі желдің жылдамдығы сағатына 155 шақырымға (сағатына 96 миль) жеткен.
Хайкуй – Тайваньға соңғы төрт жылда соққан алғашқы тайфун.

Метеорологиялық бюро тайфун салдарынан жауған нөсер жаңбыр су тасқыны мен көшкіндерді тудыруы мүмкін екенін хабарлады. Таулы Хуалянь уезінде жауын-шашынның жалпы мөлшері 500 миллиметрден асты.

Бұған дейін тайфун жексенбі күні кешкі сағат 17:00 шамасында Тайдун қаласының маңындағы жағалауға соғады, деген болжам жасалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жексенбі күні Тайваньның оңтүстігі мен шығысындағы жеті округ пен қалада мектептер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатты.

Жексенбі күні Тайваньнан шығатын және Тайваньға кіретін 246 рейс тоқтатылды немесе кешіктірілді. Гонконгта да нөсер жауын мен көшкінге ұласқан Саола тайфуны салдарынан кем дегенде 86 адамның зардап шеккені хабарланды. Онда да жүздеген рейстер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.