Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде мас күйде рульге отырған әйел тұрақтағы 4 бірдей көлікті соқты
Өскемен қаласында мас күйде рульге отырған әйел тұрақта тұрған 4 бірдей көлікті соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:33 05.09.2023
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы Есенберлин даңғылында болған. Мас күйде «ВАЗ 21703» автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы әйел рульге ие бола алмай қалып, тұрақта тұрған 4 бірдей көлікті соқты. https://www.instagram.com/p/CwuS47YrSMbzJcJFyt63cJDUImaGJDJRqs7eGU0/
«Оның бұл көлікті айдауға құқығы да жоқ болып шықты. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігімен (көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ақпаратта.
Енді әйел адам жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram