Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте қаржы пирамидасының басшылары тергеліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдікпен «ПК Asar Baspana» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10:36 05.09.2023
Агенттіктің мәліметінше, аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Залал сомасы 700 млн теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз», - деді Қаржылық мониторинг агенттігінен.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram