{metadescription}
Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 5 қыркүйек күні Астана уақытымен 06.08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 400 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жатыр.

«Энергетикалық санаты – 10.0. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаттары – 40.93° с.е. 73.16° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде