{metadescription}
Алматыдағы атыс: Оқ тиген адамдардың жағдайы белгілі болды

Алматыдағы атыс: Оқ тиген адамдардың жағдайы белгілі болды

Алматы дәрігерлері оқ жарақатымен ауруханаға түскен науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Орталық клиникалық ауруханаға түскен екі науқастың бірі маңдай сүйегінің сынығы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, сол аяқ жіліншігінің өтпелі оқ жарақаты диагнозымен жеткізілді.

Науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды, қазіргі кезде жағдайы бірқалыпты, оны бас сүйегіне ота жасауға дайындап жатыр.Екінші науқас ауыр жағдайда құрсақ қуысына өтпелі тиген оқ жарақаты, ішіне қан кету, қансырау мен ауырсынудан болатын шок, оң қол буынына тиген өтпелі оқ жарақаты диагнозымен түсті

, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.Ведомстводан атап өткендей, екінші науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Қазір ол хирургия бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.