Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО-да ауылда атыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді
Сырым ауданы Аралтөбе ауылында атыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді.
08:37 06.09.2023
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 5 қыркүйек күні шамамен сағат 18.45-те болды.
«Спирттік ішімдік ішу барысында туындаған талас салдарынан 1975 жылғы ер адам бұзақылық ниетпен аңшы мылтығынан 34 жастағы тұрғынға оқ атқан. Ұшқан бытыра өтіп бара жатқан 1964 жылғы әйел мен екі жасар сәбидің аяғына тиген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау үшін барлық шара қолданылуда», - деп хабарлады ведомстводан.
Сырым аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Сабыр Меңдешевтің айтуынша, ауруханаға түскен үш адамның жағдайы тұрақты. Үшеуіне де медициналық көмек көрсетілуде.
Оның сөзіне қарағанда, көрші аулада төбелес болып жатқан кезде әжесі мен екі жасар немересі сонда барып қалған.
«34 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Әйелдің жағдайы қалыпты. Ал кішкентай қыз анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жіберілді», - деді С.Меңдешев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram