Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Вьетнамда Ұлттық мереке күндері 76 адам қаза тауып, 95-і жарақаттанды
Вьетнамның Ұлттық күні аталып өткен төрт күнде елде 125 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 76 адам қаза тапты, тағы 95-і жарақаттанды.
Фото: ашық дереккөзден
11:02 06.09.2023
Мереке 1-4 қыркүйек аралығында тойланған. Жол полициясының дерегінше, жол-көлік оқиғалары негізінен автомобиль және темір жолдарда орын алған. Теміржолдағы екі апат салдарынан үш адам қаза тапты.
Былтырғы жылмен салыстырғанда жолдағы оқиғалар саны биыл - 46-ға, қаза болғандар саны 28 адамға көп.
Ресми мәліметке сәйкес, Вьетнамда өткен жылы 11 400-ден астам апат орын алып, салдарынан 6 384 адам көз жұмды, 7 800-ден астамы зардап шекті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram