Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада жылыту маусымы қашан басталады
Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов елордада жылыту маусымы қашан басталуы мүмкін екенін айтты.
16:54 06.09.2023
«Бізде жылыту маусымын өткізуге қатысты мәслихат қабылдаған ереже бар. Осы ережеге сәйкес, жылыту маусымын бастау туралы шешімді әкімдік қабылдайды. Егер қалада 5 күн бойы +10 және одан төмен градус салқын болса, онда әкімдік жылыту маусымын бастау туралы шешімін шығарады. Әзірше, мұндай параметр орын алған жоқ. Дегенмен, әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер, ауруханалар әкімдіктің қаулысын күтпей жылыту жүйесіне қосыла алады. Ол үшін мекемелер «Астанажылутранзит» АҚ-ына өтінім беруі тиіс», - деді Мақсат Есмағұлов Астана қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram