{metadescription}
Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адамға үкім шықты

Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адамға үкім шықты

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты күдіктіге сот үкімі шықты.

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарады.

Оқиға 13-шілде күні болған. Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру үшін ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап кіргізген. Содан, күш қолдану арқылы жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру үшін қызды асхана пышағымен көкірегі мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп өлтірген.

Сот үкімі Шымкент қаласы Сәуле ықшамауданында орналасқан ИЧ-69 мекемесінде оқылды.

48 жастағы сотталушы «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша кінәлі деп танылып, қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болды. Сондай-ақ, оған кастрация жасалып, 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.