{metadescription}
0:000:00

«3 қызды жабылып сабаған»: Семей полициясы қылмыстық іс қозғады

Семей қаласында дәмхана маңындағы төбелеске қатысты күдіктілер анықталды.

Әлеуметтік желіде Семейдегі дәмханалардың біріндегі төбелестің видеосы тарады. Онда «8 әйелдің 3 қызды жабылып сабағандары» жайлы жазылған.

Абай облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта төбелеске қатысқандардың кім екендігі анықталғанын мәлім етті.

«Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлайды. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан 21-29 жас аралығындағы қала тұрғындарын анықтады. Бүгінде тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әзірге әйелдер арасындағы даудың неден туындағаны белгісіз.

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде