Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда 80 миллион теңгенің бағанасы ұрланған
Алматыда 80 млн теңгенің жарық бағаналарын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.
Фото: polisia.kz
18:16 07.09.2023
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері жарықтандыру бағандарының кем екенін байқап, полицияға хабарлаған.
«Қылмысты ашуға бейнебақылауға жазылған видео көмек болды. Біздің ауданымызда 20-дан астам осындай эпизод жасалғаны белгілі болды. Күдіктілер түнгі уақытта ұрлық жасап жүрген. Олар ГАЗель жүк көлігімен келіп, жалға алынған манипуляторды айдап әкеліп, тура іргедегі шам бағандарын кесіп, ұрлап кеткен. Біз 50-ден астам ұрланған бағандарды тәркіледік. Айтпақшы, 32 жастағы және 24 жастағы екі ер адам ұсталды», - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Полиция өкілінің айтуынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заттай айғақ тәркіленді.
«ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram