{metadescription}
Абай облысындағы тасжолда аударылып түскен көлік жүргізушісі көз жұмды

Абай облысындағы тасжолда аударылып түскен көлік жүргізушісі көз жұмды

Абай облысындағы «Семей-Қайнар» тасжолында аударылып түскен көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Семей-Қайнар» тасжолының 41 шақырымында болған.

«Chevrolet» маркалы автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып түсті. Жүргізуші сол жерде қаза болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК-нің 201-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.