Қор нарығында доллар бағасы 1,7 теңгеге өсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Zakon.kz
16:15 08.09.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,70 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 466,29 теңге.
Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 464,48 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,72 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 463,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 467 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 465 теңге, сатып алу құны– 469 теңге.
Ресей рублі 4,74 – 4,84 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары