{metadescription}
Астана мектептерінде орын тапшылығы бар – елорда әкімінің орынбасары

Астана мектептерінде орын тапшылығы бар – елорда әкімінің орынбасары

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жайлы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда бізде оқушы орындарының тапшылығы бар. Тиісінше мектеп салу қажеттілігі туындайды. Үш ауысымды білім беруді және мектептердің толуын болдырмау мақсатында бүгінгі таңда 14 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 11-і биыл пайдалануға беріледі, 11 нысанның төртеуі 1 қыркүйектен бастап жұмыс істей бастады», - деді Есет Байкен.

Оның айтуынша, биыл елордадағы 49 білім беру нысанына жөндеу жүргізілген.

«Бүгінгі таңда қаланың барлық оқу орындары цифрлық бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіліп, автоматты өрт дабылына қосылған. Барлық оқу орындарында 1 санатты лицензиясы бар күзет компаниялары қызмет көрсетеді. Сондай-ақ білім беру объектілері 100% турникетпен қамтамасыз етілген», - деп тоқталды әкімнің орынбасары.

Елордада 169 мектеп бар. Оның ішінде 101-і мемлекеттік, 61-і жекеменшік, 7-і республикалық. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мың орындық 24 мектеп салынады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде