Қырғызстанда 4,4 балдық жер сілкінісі болды
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 07:54-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10:38 11.09.2023
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8. Магнитудасы MPV 4.4. Эпицентр координаттары 40,04° с.е., 83,47°ш.б. Тереңдігі – 5 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары