{metadescription}

Ақмола облысында жоғалған жасөспірім төрт күннен соң табылды

Ақмола облысында жоғалған жасөспірім төрт күн өткен соң жазғы лагерь аумағынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, жасөспірім 7 қыркүйек күні сағат 15:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Ол бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалып жүрген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаланың бейнебақылау камераларының жазбаларын, қыздың әлеуметтік желілердегі байланыстарын, сондай-ақ жасөспірімнің болу және қоныс аудару орындарын тексерді.

«Нәтижесінде жасөспірім Зеренді ауданындағы Мүсірепов атындағы лагердің аумағынан табылды. Қыздың сөзінше, ол бұрын осы лагерьде демалған. Кәмелетке толмаған баланы ювиналдық полиция қызметкерлері мен қамқоршылары Көкшетау қаласына жеткізді. Жасөспірімге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмаған», - деп түсіндірді ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде