{metadescription}
Алматы облысының тауларында аяғы сынған турист құтқарылды

Алматы облысының тауларында аяғы сынған турист құтқарылды

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы облысының тауларында аяғы сынған туристі құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Арасан-Қорасан шатқалында 38 жастағы әйел аяғын сындырып алғаны туралы хабар келіп түсті. 
«ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы көмекке жіберілді. Отряд базасынан оқиға орнына дейінгі қашықтық – 124 шақырым»,-деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. 
Құтқарушылар 10 қыркүйек күні сағат 18:47-де шақыру орнына және 15 минуттан кейін зардап шеккен адамға жеткен. Олар әйелді екі сағат ішінде тау-кен құтқару зембілінің көмегімен жедел медициналық жәрдем көлігіне дейін тар, тік жолмен алып барды. 
ТЖМ құтқарушылары тауға бір күнге болса да шығатын туристерге таулардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын зерттеуі керек екенін ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде