Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Рудныйда мас еркек футбол ойнап жүрген балаларды соққыға жықты: бір бала ауруханада жатыр
Рудныйда мас ер адам спорт алаңында ойнап жүрген балаларға тиіскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: ng.kz
15:44 11.09.2023
Оқиға кеше Ленин көшесі, 177-үй мекенжайы маңында болды.
12-13 жас шамасындағы жасөспірімдер футбол ойнап жүрген спорт алаңына мас ер адам кіріп, доп тебе бастаған.
- Олар кеткісі келген, бірақ ер адам балалардың бірін қуып жетіп, басынан тіземен теуіп, жұдырықпен ұрған. Миы шайқалған бала ауруханаға жатқызылды, қазір дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады жасөспірімдердің ата-анасы.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram