{metadescription}
Алматыда автомотоспорт мамандарына арналған пилоттық академия ашылды

Алматыда автомотоспорт мамандарына арналған пилоттық академия ашылды

Алматыда FIA Еуразиялық аймағының жеті елінен – Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан жас шабандоздар жиналды. 

Жас ұшқыштар Академиясын Қазақстан Республикасының Автомотоспорт федерациясы (ҚР АМСФ) БАӘ-нің аймақтық тренингтік провайдері –Біріккен Араб Әмірліктерінің автоспорт Федерациясымен бірлесе отырып, FIA Халықаралықавтоспорт федерациясының спортты дамыту Қорыныңқолдауымен ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – Еуразия өңірінде автоспорт саласындағы жасталанттарды анықтау және дамыту.

Автоспорттың әртүрлі пәнінен 15 ұшқыш келді. 15 пен 21 жас аралығындағы ұшқыштар түрлі бағдарламалармен қамтылған тренингтерден өтіп, жарысқа қатысты.

Ұшқыштар Академиясының бағдарламасы Алматы маңындағы «Сокол» жаңа инновациялық автодромында үшкүндік қарқынды сабақтарды қамтыды. 8 қыркүйектетаныстыру тимбилдингі өтті. 9 қыркүйек – «академиялық»болды. Тренинг бағдарламасы жас спортшыларға өздерініңспорттық дайындықтарын дұрыс құруды, тректегі спорттықжәне спорттық емес мінез-құлықты ажырата білуді, өздеріндұрыс физикалық формада ұстауды үйренуге көмектесетінпсихологиялық әдістер негізінде жасалды. Демеушілер мен «үздік» командалардыңжаттықтырушыларының назарын аударту үшін, инвестиция сала бастауы үшін қандай маман болу керегі және неге ұмтылу керегі тренингтер барысында талқыланды.

Осылайша, 10 қыркүйекте жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды – бұл ұшқыштар Академиясындаярлау бағдарламасының шарықтау шегі болды.

Қазақстан Республикасы автомотоспорт федерациясыныңпрезиденті Марат Әбіқаевтың айтуынша, біздің еліміздеұшқыштар Академиясы алғаш рет өтуде.

“Қазақстанның автомотоспорт федерациясы бұл жобаға FIA Халықаралық Автоспорт Федерациясынан грант алды. Академия сабақтарын жыл сайын өткізуге ниет бар. Тренингке қатысушылардың мансабына бұл үлкен көмекболады. Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздары мен болашағызор жас ұшқыштар туралы ақпарат енді FIA-да болады. Енді спортшылар Академияда алған білімдері мен дағдыларын өздерінің алға жылжуы және одан әрі кәсібиөсуі үшін пайдаланады. Бұл жоба біздің елімізде авто пәндерге көбірек назар аудартады және техникалық спорт түрлерінің, атап айтқанда, қазіргі жастар арасындакартингтің танымалдылығының артуына ықпал етеді депүміттенеміз”, – деді ол.

«Көптеген жас спортшы өздерінің спорттық мансабынкартингтен бастайды, содан кейін олар формула 4, формула 3, формула 2, ал ең үздіктері формула 1-ге ауысады", – деп қорытындылады Марат Әбіқаев.

Өз кезегінде FIA өкілі Ронан Морган ұйым Қазақстандажасөспірімдер мен жастар автомотоспортының дамуынқұптайтынын атап өтті.

 «Біз FIA Еуразиялық аймағындажас ұшқыштарды оқыту бағдарламасын іскеқосқанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, бұл Қазақстанда«Сокол» СТК базасында өтіп жатқаны тіпті керемет жаңалық. Автоспорт үшін ұшқыштардың жаңа буынындайындауда аймақ пен Қазақстан Республикасының әлеуетіөте жоғары деп есептейміз. Мұнда жоғары нәтижеге қолжеткізе алатын талантты жігіттер көп. FIA президентіҚазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны және осындай жобаларды жүзеге асыруда жан-жақтықолдау көрсететіні кездейсоқ емес. Жас ұшқыштаракадемиясы жыл сайын өтетін іс-шара болады деп сенеміз және өңірдегі балалар мен жасөспірімдер спортындамытуға қуатты серпін беріп, жастарға салауатты өмірсалты құндылықтарын сіңіруге, сондай-ақ дұрыс, кәсібиқауіпсіз мотоспортты енгізуге және дамытуғакөмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті РонанМорган.

Секцияларда 6 жастан 18 жасқадейінгі балалар мен жасөспірімдер айналысады. АМСФөкілдері Қазақстанда автоспортты дамыту мемлекеттарапынан да, демеушілер тарапынан да қолдау мен назараударуды қажет ететінін атап өтті, өйткені ол техникаменбайланысты кез келген спорт түрі сияқты елеулі қаржылықсалымдарды талап етеді. 

Сондықтан, еліміздің спорт ведомстволарында техникалық спорт түрлеріне көбіреккөңіл бөлінгені жөн деп есептейміз, себебі бұл спорт түрлері жастардың бойында ержүректік пен патриотизм сезімін қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатархалықаралық ареналарда еліміздің туын желбірететін таланттарды тәрбиелеуге көмектеседі.


Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде