{metadescription}
Түркістанда Мемлекеттік Туды теріс ілгендер жауапқа тартылды

Түркістанда Мемлекеттік Туды теріс ілгендер жауапқа тартылды

Түркістанда Мемлекеттік Туды теріс ілгендер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 15-тамыз күні болды. Түркістан облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның үздік тауарлары – 2023» өңірлік байқау-көрмесінде сахнадағы лед экраннан фон ретінде көрсетілген Мемлекеттік Тудың суреті теріс қарап қалған. Аталған жағдай әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, сыналды. Ал, іс-шараға жауапты Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы бұл жағдай бойынша жауапты мамандарға шара қолданылатынын айтып, ел халқынан кешірім сұрады.

«Ауқымды іс-шарада сахна төріне қойылған баннер эскизінің орналасуында техникалық қателік орын алған. Олқылыққа жол берген баспахана басшылығына ескерту жасалып, кәсіпкерлер палатасының жауапты қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол берілмейтіндігін мәлімдей отыра қазақстандықтардан, Түркістан өңірінің жұртшылығынан кешірім сұраймыз» - делінген Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.