{metadescription}
Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан кішкентай қыз қайтыс болды

Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан кішкентай қыз қайтыс болды

Қостанай облысы Ұзынкөл кентінде көбік кешінде тоқ соққан 9 жасар қыз ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыздың қайтыс болғаны рас. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз, ауруханада мәліметтер жиналып жатыр», - деп болған жайды басқарма маманы телефонмен растады.

Еске салайық, Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды тоқ соққаны туралы хабарлаған едік.

«25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды тоқ соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінен.

Кейін тоқ соққан қызды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары емдейтіні белгілі болды. Мекеме жетекшісі Данияр Жандаевтың айтуынша, кішкентай қыз Ұзынкөл аудандық ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде