Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркияда кісі өлтіргені үшін тергеліп жатқан қазақстандық әйел экстрадициялана ма
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда кісі өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық әйелді экстрадициялау мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов
16:14 12.09.2023
«Ең алдымен бұл мәселе консулдық желі арқылы талқыланады. Екіншіден, егер адам қылмыс жасаса немесе қылмыс жасау күдігіне ілігіп, әлі тергеуде болса, онда экстрадициялау жайында сөз қозғалмайды. Үкім жарияланып, заңды күшіне енгеннен кейін ғана экстрадицияланады», - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
СІМ өкілі тергеу процесінің қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін айта алмайтынын атап өтті.
«Сұрақты Түркияның құқық қорғау органдарына қою керек. Бұл мәселе олардың тергеуді қаншалықты жылдам жүргізіп, сотқа тапсыруына байланысты», - деді Айбек Смадияров.
Бұған дейін 31 тамызда Бурса қаласында 1993 жылы туған қазақстандық әйел түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталғанын, қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлаған едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram