{metadescription}
«Күнделік» жүйесі істен шықты ма: Министрлік ата-аналардың шағымына жауап берді

«Күнделік» жүйесі істен шықты ма: Министрлік ата-аналардың шағымына жауап берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары ата-аналарының «Күнделік» жүйесіндегі ақауға қатысты шағымдарына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқу-ағарту министрлігі «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмысына күн сайын мониторинг жасап отыр. Платформа штаттық режимді жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, осы жүйедегі кемшіліктер туралы деректер расталмады», - делінген министрліктің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство «Күнделік» жүйесінде сабақ кестесі мен оқушылар туралы деректердің жоқтығына қатысты жағдайды түсіндірді.

«Жаңа оқу жылының алғашқы айында мектептерде тиісті тарификацияны даярлау процесі іске асырылады. Яғни пәндер мен сыныптар бойынша оқу жүктемесі айқындалып, мұғалімдер бекітілген. Осы іс-шаралардан кейін тұрақты сабақ кестесі белгіленеді», - деп аталып өткен министрлік хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде