Алматы облысында 3 жасар бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды
Қайғылы оқиға Қырбалтабай ауылында балабақша аумағында болды.
09:18 14.09.2023
Сәби ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті.
«13 қыркүйек күні сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында ашық тұрған кәріз септигіне құлап кеткен 3 жасар бала ауылдық ауруханада қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт полицияда «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша тіркелді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Б.Әленов тергеу барысын өз бақылауына алғанын атап өтті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!