Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында үсік жүреді - Қазгидромет
Атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз күн құбылмалы болады.
08:07 17.09.2023
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде еліміздің оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта – тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!