Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жасар қыз құлап кетті
Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жастағы қыз құлап, алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Фото: Константин Шелков
10:42 17.09.2023
Облыстық жедел медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз Максим Горький көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатынан құлаған.
Оқиға бойынша шақырту 15-қыркүйек күні сағат 21:30-да түскен.
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 3 минутта жеткен.
Мамандар 2009 жыылы туған қыздың өлімін тіркеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары