Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбе облысында “Қазақстан темір жолының” екі қызметкері бір-бірімен пышақтасты
Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысында Никельтау стансасы маңында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ қызметкерлері төбелес шығарды. Zakon.kz.
Фото: unsplash
12:24 18.09.2023
Бүгін, 18 қыркүйекте Telegram арналарының бірінде ҚТЖ-ның Ақтөбе филиалының қызметкерлері бір-бірімен пышақтасты деген ақпарат тарады.
"Кейбір ақпарат көздері 2023 жылдың 16 қыркүйегінде Никельтау стансасы маңында ҚТЖ Ақтөбе филиалының агрессиялы қызметкерлері пышақтасып, соның салдарынан машинист пен оның көмекшісі жарақат алып, Хромтау қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады", – делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті фактіні растады.
"16 қыркүйекте Хромтау ауданындағы Никельтау станциясының перронында екі ер адам арасында төбелес болып, төбелес салдарынан 47 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді", - дейді Ақтөбе облысы ДП баспасөз қызметі.
Ведомство бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен ("Бұзақылық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын атап өтті.
Бұл жағдайға ұлттық компанияның баспасөз қызметі де түсініктеме берді.
"16 қыркүйекте Никельтау стансасында сағат жұмыстан тыс уақытта (21:30-дан кейін) Қандыағаш локомотив пайдалану депосының жұмысшылары арасында тұрмыстық кикілжің болды, оқиға пойыздар қозғалысына және жалпы теміржол көлігінің жұмысына әсер еткен жоқ", - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram