{metadescription}
Синоптиктер Қазақстанда үсік жүреді деп болжады

Синоптиктер Қазақстанда үсік жүреді деп болжады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, қар аралас жаңбыр жауады.

"20-21 қыркүйекте батыс антициклонының екпіні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысына жауын-шашынсыз ашық ауа райын әкеледі, түнде және таңертең республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі деп болжанды", - дейді "Қазгидромет" РМК.

Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы түнде 5-18 жылы, күндіз 18-28 градустан 20-31 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 3-11 градусқа дейін төмендейді, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 13-25 градусқа дейін көтеріледі.

Орталықта түнде ауа райы 2-10 гралусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон 13-21 гарудс болады,

Шығыста түнде негізгі фон 3-11, күндіз ауа температурасы 10-18 градусқа төмендейді,

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 8-13, таулы аймақтарда 2 аяз, күндіз 15-25, таулы аймақтарда ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде