{metadescription}
Риддер жылу орталығы жеке меншіктен мемлекет меншігіне өтті

Риддер жылу орталығы жеке меншіктен мемлекет меншігіне өтті

Риддер қаласындағы жылу электр орталығы жеке меншіктен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның балансына ауысты.

Риддердегі жылу электр орталығының қысқа дайындығы - 80 пайыз. Жөндеу жұмыстары аяқталған үш қазандықта гидравликалық сынақ басталады.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, үйлерге ыстық су қыркүйек айының соңында беріледі. Үш қазандықтың қуаты қаланы жылытуға және сыртқы температура режимі -10 градус болған кезде жеткілікті болмақ.

Ал барлық алты қазандық 15 қарашаға дейін іске қосылады.

«Бүгінгі таңдағы басты жаңалықтардың бірі - «Риддер ЖЭО» АҚ қалалық әкімдікке қарасты «Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға ауысты. Алдағы уақытта орталықты мемлекеттік меншікке беру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл жұмыс шамамен 2 айға созылады. Жөндеу жұмыстарынан басқа, қажетті мамандар жұмысқа қабылданып жатыр. Риддерде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де өтті», - дейді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

18 қыркүйектен бастап «Қазмырыш» кәсіпорнының 55 қызметкері ЖЭО-ға келіп, жұмыс істеп жатыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде