Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
420 жолаушысы бар ресейлік ұшақ шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды
Түркияның Анталия қаласынан Ресейдің Екатеринбург қаласына бағыт алған ұшақтан техникалық ақау шығып, Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды. Бортта 420-ға жуық адам болды.
Фото: Ақтөбе халықаралық әуежайы
15:19 18.09.2023
Бүгін сағат 05:27-де Анталия-Екатеринбург бағытындағы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонды. Ұшақта техникалық ақау болды.
«Red Wings» әуе компаниясының Boeing 777 ұшағында 420-ға жуық адам болды.
Қазіргі кезде оларға өзге ұшақ келген.
«Жолаушыларды отырғызу жұмысы жүріп жатыр. Бұл Анталиядан Екатеринбургке бағыт алған ұшақ. Биыл 3-4 жағдай тіркелді осындай. Таяуда Шарм-эль-Шейхтен де қонды», - деді Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дастан Малиев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram