{metadescription}
0:000:00

Алматыда ірі жол апаты болды

Алматыда жеңіл көлік пен екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір адам зардап шекті.

Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 18 қыркүйек күні таңертең Жетісу ауданында болды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, үш көліктің соқтығысуына «Toyota RAV-4» көлігі түрткі болды. Солтүстік айналма көшесімен солтүстікке қарай келе жатып, екінші жолақтан қарсы бағытқа бұрылып екі жүк көлігіне соғылды. Салдарынан «Toyota» жүргізушісі зардап шекті», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған деректі Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері назарға алды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде