Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Екібастұзда 4 жасар бала кәріз шұңқырына түсіп кетті
Екібастұзда 18 қыркүйекте 4 жасар бала беті ашық қалған кәріз шұңқырына түсіп кетті. Зардап шеккен бала шамамен сағат 13:39-да ауруханаға жеткізілді. Медициналық бригада оқиға орнына бес минутта жетті.
Фото: Константин Шелков
20:18 18.09.2023
Аталған оқыс жайтқа байланысты Pavlodarnews.kz жолдаған сауалға берген жауабында "Горводоканал" мекемесі Оңтүстік ауылына кәріз құбырын жүргізу кезінде шұңқырдың темір қақпағы бүлінгенін, қазір асфальтты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
"Жаяу жүргіншілер жедел жәрдем көлігі келгенге дейін баланы өз беттерімен құдықтан алып шыққан. Тізе мен арқа жарақатын алған төрт жасар бала Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді", – дейді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Екібастұздың полиция басқармасы аталған фактіге байланысты тексеру жүргізіп жатқаны да нақтыланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram