Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен төбелескен әйелдің видеосы тарады
Ақтауда әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Фото: lada.kz/видео кадры
12:21 19.09.2023
Төбелес 34-шағынаудандағы №10 үйдің ауласында болған. Желіде жарияланған кадрларда әйел мен жасөспірім бір-бірінің шашынан ұстап, тартып жатқанын көруге болады. Оларды басқа балалар қоршап тұрғаны көрінеді. Жасөспірімнің анасының айтуынша, көрші әйел мүмкіндігі шектеулі қызын соққыға жыққан.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қыркүйекте сағат 18:28 шамасында көмек сұраған қоңырау түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан қала тұрғынының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі қызын көршісі ұрған.
"Қоңырауға шыққан учаскелік инспекторлар деректі растады. Кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 73-1-бабы 1-бөлігі және 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полиция.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram