{metadescription}
Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққан деген күдікке ілінген екі азамат ұсталды

Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққан деген күдікке ілінген екі азамат ұсталды

Алматы облысының полицейлері Талғар ауруханасында дәрігер мен медбикені соққыға жыққан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қыркүйек күні сағат 10:35-те Талғар аудандық бөлімшесінің кезекші бөліміне Талғар орталық аудандық ауруханасында белгісіз біреулер 27 жастағы реаниматолог пен 21 жастағы медицина қызметкерін ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Аталған факті ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық ІІБ ТЖК-не тіркеліп, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлері 1987 жылы туған Ш-ны және 1994 жылы туған Н-ны анықтап, ұстады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындалып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Әленов.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сай басқа ақпарат жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.