Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкенттік шенеунік 700 млн теңге жымқырды деп айыпталып отыр
Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
11:08 20.09.2023
Бұл істі Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті тергеп жатыр.
Күдікті өзінің лауазымын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыс пен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан.
Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.
Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram