Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жауын құйып, аулаларды су басты
Алматының коммуналдық кәсіпорындары жауын-шашынға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды әкімдік.
Фото: Алматы әкімдігі
11:27 20.09.2023
20 қыркүйек сағат 07:00–ден бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады, ол түске дейін жауады деп болжанып отыр. Таңертеңгі сағат 10:00–дегі жағдай бойынша қалада 9 мм жауын-шашын түсті, Каменск үстірті аймағында — 14 мм.
Су тасқынының алдын алу үшін 45 патрульдік бригада, 165 арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 1750 қап құм жиналды.
Төтенше жағдай жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі, 5 мекенжайында жеке сектор аумағын бір рет су басқан. «Алматы Тазалық» МКК күшімен құлаған бұтақтан арық өткелі тазартылып, су тасқыны жойылды.
Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.
«Қазгидромет» болжамынша бүгін түске дейін жаңбыр жауады.
Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 13 м/с, ауа температурасы +15 + 17°С.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram