{metadescription}
Маңғыстау облысында қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері ұсталды

Маңғыстау облысында қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері ұсталды

18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полициямен бірге бопсалады, ауыр дене жарақатын салды және заңсыз қару сақтады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады.  

Операция кезінде топ көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы және оқ-дәрі тәркіленді.

Қолда бар деректерге сай, олар физикалық жәбір көрсету қауіпімен облыстық және халықаралық жолдарда жеке тасымалмен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражат талап еткен.

Шабуылға тап болған жәбірленушілер арасында лауазымдық міндетін атқарып жүрген шекараның әскери қызметкері бар. 

Сот санкциясымен олар қамауға алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.