{metadescription}
Алматыда заңсыз салынған тағы 7 тұрғын үй кешені анықталды

Алматыда заңсыз салынған тағы 7 тұрғын үй кешені анықталды

Алматыда тағы жеті тұрғын үй кешені сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енді.

Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлкі сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін дайындады:

1.«Sky Club House» тұрғын үй кешені – Медеу ауданы, Фонвизин көшесі, 28. Тапсырыс беруші: «ABS Park» ЖШС. Мақсаты: блокталған тұрғын үйлер салу. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама - жоқ. Сараптамасыз, жобадан ауытқу бар.

Нұсқама бере отырып, ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға талап арыз берілді. Сот талқылаулары жүргізілуде.

2. «Kairat» тұрғын үй кешені – Түрксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, 23-көше, 4-учаске. СЖТ – қайтарып алынды. Нысаналы мақсаты: тұрағы бар аз қабатты тұрғын үй кешені. Құрылыс-монтаж жұмыстары 1-ші қабат сатысында тоқтатылды. Тапсырыс беруші: «Premium Construction Co» ЖШС.

3. «ALATAUHOUSE» тұрғын үй кешені – Түрксіб ауданы, Д. Қонаев ТК , 27 учаскесі.Тапсырыс беруші: жеке тұлға. СЖТ, жоба эскизі – жоқ. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталғаны туралы хабарлама жоқ. Нысаналы мақсаты: жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін.

4. «Apple Park» тұрғын үй кешені – Наурызбай ауданы, Құрамыс шағынауданы, Сейдімбек көшесі, 105/6 учаске.Тапсырыс беруші: «Almaty Investment Group Construction» ЖШС. Нысаналы мақсаты: көп қабатты тұрғын үй кешенін салу. Эскиздік жобаға сәйкес үйлердің қабаты – 3, іс жүзінде 5 қабатты.

ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 1-бөлігі, 316-бөлігі 1-бөлігі және 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру арқылы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Көппәтерлі тұрғын үйдің 4 блогында 4 және 5 қабатты бұзу туралы талап арыз берілді, сот талқылаулары жүргізілуде.

5. «Люксембург» тұрғын үй кешені – Наурызбай ауданы, Қарғалы шағын ауданы, Қали Надыров көшесі, 71, 73, 75 учаске. Тапсырыс беруші: жеке тұлға. СЖТ, жоба эскизі – жоқ. Сараптама қорытындысы мен ҚМЖ басталғаны туралы хабарламасы – жоқ. Нысаналы мақсаты: жеке тұрғын үй құрылысы.

Құрылыс жұмыстары жертөле сатысында тоқтатылды. Топырақты қайта толтыру және іргетасты бұзу арқылы жер учаскесін бастапқы күйіне келтіру туралы талап арыз берілді, сот талқылаулары жүргізілуде.

6. «Мұнартау» тұрғын үй кешені – Наурызбай ауданы, Құрамыс шағынауданы, Сейдімбек көшесі, 100/2, 100/3, 100/4. Нысаналы мақсаты: көпқабатты тұрғын үй орналастыру.

ҚР ӘҚБтК 1-бөлігінің 316-бабы, 1-бөлігі, 312-бөлігі бойынша шаралар қабылданды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді-қосымша 6 блокта 4-қабат тұрғызылды. 6 блокта 4-ші қабатты бұзу үшін МАЭС-ке талап арыз берілді. Сот талқылаулары жүргізілуде.

7. Таунхаус (атауы белгіленбеген) тұрғын үй кешені – Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағынауданы, 2-ші бөлімше. Иесі: жеке тұлға. СЖТ, жоба эскизі – жоқ. ҚМЖ басталғаны туралы хабарламаған.

ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды, бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді, заңсыз тұрғызылған объектіні бұзу туралы талап арыз берілді, сот талқылаулары жүргізілуде.

Еске салайық, салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының сенім телефоны – 8 (727) 229-81-36 арқылы білуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.