Атырау облысында жоғалып кеткен 5 жасар бала кәріз құдығынан табылды
Атырау облысының Исатай ауданында бес жасар бала кәріз құдығына түсіп кеткен. Оны таба алмаған ата-анасы аудандық полиция бөліміне жүгінген.
Фото: Видеодан алынған кадр/ t.me/POLICE_of_KZ
15:06 20.09.2023
Атырау облыстық полицей департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бес жасар бала кеше, 19 қыркүйекте жоғалып кеткен.
«Аққыстау ауылының тұрғыны жергілікті уақытпен сағат 17:48 шамасында аудандық полиция бөліміне жүгініп, 20 минут бұрын 5 жасар ұлының жоғалып кеткені туралы хабар берді. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сол кезде баланың дауысы тұрғын үй ауласындағы кәріз құдығынан шыққан. Кәріз құдығына түсіп кеткен 5 жасар аман-есен шығарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары