Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
КТК ТОП-5 телеарнаның ішінде бірінші орында
Қазақстандық әлеуметтік даму институтының зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 60 пайызға жуығы ақпаратты телевизиялық арна арқылы алады екен. Ал респонденттердің 35%-дан астамы Коммерциялық Телевизиялық Телеарнаны (КТК) таңдайтын болып шықты.
16:56 20.09.2023
Көрермендер арасында көп қаралатын контент түрі: жаңалықтар – 61,7%, телехикаялар – 41,2%, саяси бағдарламалар – 24,4% және ойын-сауық – 22,3%.
Еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар қалаларда телерадиоконтентті тұтыну бойынша сауалнама жүргізілді. Оған қала мен ауылда тұратын 18 жастан асқан 2000 адам қатысты. Олар өз қалауы бойынша 50 негізгі сұраққа және 8 әлеуметтік-демографиялық сұраққа жауап берді.
Зерттеу нәтижесінде теледидар көруде көшбасшы:
1. КТК – 35,7%
2. «Еуразия» – 34,7%
3. Qazaqstan – 31,6%
4. НТК – 22,1%
5. 31 арна – 20,8%
Респонденттердің басым бөлігі КТК жаңалықтарын қарайды (40,3%). Осы санаттағы үздік үштікте: «Еуразия» (37,5%) және Qazaqstan арнасы (36,3%) тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram